«Семей медицина университеті» КеАҚ  11 сынып оқушыларын биология пәнінен облыстық олимпиадаға қатысуға шақырады

«Семей медицина университеті» КеАҚ 11 сынып оқушыларын биология пәнінен облыстық олимпиадаға қатысуға шақырады

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облыстарының 11 сынып оқушылары үшін биология пәнінен облыстық олимпиада өткізіледі.

«Семей медицина университеті» КеАҚ  11 сынып оқушыларын биология пәнінен облыстық олимпиадаға қатысуға шақырады.

Өткізу күні мен уақыты:

22 сәуір 2023 жыл,  сағат 10:00-да

Тіркелу уақыты: 9:15-тен 9:55-ке дейін

Өтетін орны: Абай облысы Семей қаласы, Абай көшесі 103.  Сағат 10.00-да. “Семей медицина университеті” КеАҚ бас ғимарат (акт залы, 2 қабат)

Мақсаты: дәрігер мамандығын таңдаған облыстың 11 сынып түлектерінің қызығушылығын арттыру және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарға түсетін дарынды балаларды анықтау.

Міндеттері: Жоғары оқу орындарына дейінгі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, талдау және сыни ойлау дағдыларын, ғылыми – зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтап дамыту, медициналық мамандықтарды таңдау себептерін анықтау.

Олимпиада мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Назарбаев зияткерлік мектебінің, Түрік лицейінің, Экономикалық лицейдің 11 сынып оқушылары тест тапсырмаларын ағылшын тілінде орындайды.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады, жазбаша тестілеу түрінде өткізіледі, тесттерге орта мектептің биология бағдарламасынан келесі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізіледі: ботаника, зоология, адам анатомиясы және физиологиясы, жалпы биология, жалпы және медициналық генетика. Жазбаша тестілеу I, II, III деңгейдегі – 50 тест сұрақтарынан, бағдарламаның жоғарыда аталған бөлімдерінен, сондай-ақ логикалық ойлауға арналған ситуациялық есептерден тұрады.

Олимпиаданың жазбаша кезеңі 80 минутқа созылады, үзіліссіз өткізіледі.

Абай облысы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының білім басқармасы мен “Дарын” ғылыми-практикалық орталықтары облыс оқушыларына хабарлау және әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді.

Қатысушыларды тіркеу және жіберу өтінім негізінде жүзеге асырылады (Т. А. Ә., оқу орнының реттік саны мен атауы, облыс, қала, оқыту тілі, байланыс телефоны, е-mail – ге жіберіледі: admission@smu.edu.kz  (Олимпиада басталу уақытына дейін 7 күн бұрын).

Олимпиада нәтижелері бойынша 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және бағалы/ақшалай сыйлықтармен марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Қатысушылардың тұрғын орны мен жолы жіберуші ұйым тарапынан жүргізіледі.

Жауапты: ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі: б.ғ.к., доцент Оразалина Айнаш Сапаровна, б.ғ.д., кафедра профессоры Мынжанов Максут Рахимович.

Төлеубаева Қамшат Серғазықызы – түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical Foundation бөлімінің бастығы.

Байланыс телефондары: 8 (72 22) 32-61-80; 8 778 008 57 56

“Семей медицина университеті” КеАҚ қабылдау комиссиясы

Электрондық почта: e-mail:  admission@smu.edu.kz

 

 

СҰРАНЫС

Биологиядан  қалалық олимпиадаға қатысуға

 

Өткізілетін күні: 22 сәуір 2023 жыл,  сағат 10:00-да

Өткізілетін орны: «Семей медицина университеті» КеАҚ, Абай көшесі, 103

 

Оқу орны мектеп, лицей, гимназия, колледж

 

п/п

Оқушының аты-жөні Сынып Оқу тілі Мұғалім аты-жөні
         
         
         
         
         

 

Олимпиадаға қатысушы оқушыға ұпай санымен және пән мұғалімдеріне оқушыны дайындағаны үшін сертификат беріледі.

 

 

          Мектеп директоры:  

 

Мөр орны

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар