2023 жылдың 12-13 сәуірінде “Семей медицина университеті” КеАҚ-да профессор, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Людмила Құсайынқызы Қаражанованың 80 жылдық мерейтойына арналған “Ғылым және денсаулық” атты 65-ші ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты білім алушыларға қазіргі заманғы медицинада тәжірибе, ғылыми білім және зерттеу нәтижелерімен алмасуға деген ұмтылыс пен талпынысты ояту. Денсаулық сақтау саласында мамандар даярлау сапасын арттырудың негізгі аспектісі болып табылатын білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына ерекше назар аударылады.
Конференцияның ашылу салтанатында “СМУ” КеАҚ Басқарма Төрағасы –Ректор, м.ғ.д., профессор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Людмила Құсайынқызын мерейтойымен құттықтап, оның медицина ғылымының дамуына қосқан баға жетпес үлесін және конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Ғылым күнімен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.
Конференция жұмысына ҚР жоғары оқу орындарының, жақын және алыс шет елдердің 300-ден астам білім алушылары қатысады. Конференция қонақтары Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан өңірлерінің білім алушылары болып табылады.
Конференция жұмысы 8 секция бойынша жүргізілуде.
2023 жылдың 13 сәуірінде жас ғалымдардың үздік баяндамаларын тыңдай отырып, пленарлық отырыс өткізіледі.[/vc_column_text]