2023-2024 оқу жылындағы ORHUN алмасу бағдарламасының күзгі және көктемгі семестрлеріне қатысуға өтінімдер қабылдау

2023-2024 оқу жылындағы ORHUN алмасу бағдарламасының күзгі және көктемгі семестрлеріне қатысуға өтінімдер қабылдау

Түркі ЖОО одағына мүше университеттердің тиісті кафедраларында семестр бойы білім алғысы келетін студенттерге, интерндерге және докторанттарға, сондай-ақ оқытушыларға арналған ORHUN алмасу бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Өтінім беру үшін қажетті құжаттар (20.04.2023 ж. кешіктірмей стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөліміне, 127 кабинет, толтырылған түрде ұсынылуы қажет):

Студенттерге:

  1. Студенттерге арналған ақпараттық форма.
  2. Транскрипт.

Оқытушылар үшін:

  1. Оқытушыларға арналған ақпараттық нысан.
  2. Оқытушыларға арналған ұтқырлық бағдарламасы.

Тиісті формаларды сілтеме арқылы жүктеуге болады http://turkunib.org/tr/orhun

Өтінім беру кезінде ескерілуі керек шарттар:

  • Тек бір университет пен бір семестрді таңдау қажет.
  • Барлық құжаттар компьютерде толтырылуы тиіс.
  • Өтінім беру үшін студентте GPA төрттен кем дегенде екі жарым бөлігі болуы керек (2,5 / 4,00).
  • Жол жүру және тамақтану шығындарын бағдарламаға қатысушы тікелей өзі жабады. Тұру қабылдаушы тараптың есебінен беріледі (төмендегі сілтеме бойынша жүктеуге болатын кестені қараңыз).

 

Университеттер мен кафедралардың тізімі, сондай-ақ қосымша ақпарат төменде:[/vc_column_text][embeddoc id=”1m9lhqkW1L23CwFcWE9IneZqTE3igPTLN” viewer=”drive” download=”none”][/vc_column][/vc_row]