Мұражай – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы. Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс болып бара жатқанымен, рухани баю мақсатымен мұражайға жиі-жиі бару керек деп есептелінеді. Сол себепті 2023 жылдың
07 сәуірінде әскери кафедра басшысы м/қ полковнигі Ш.О. Орынбасаровтың және оқытушы м/қ подполковнигі Н.С.Смаиловтың ұйымдастыруымен, біз, 3215 және 3418 топ студенттері, «Невзоровтар отбасының атындағы мұражайға» барып қайттық.
Мұражайға бірлесе барған уақытымыз танымды да, қызықты өтті. Мұражай қызметкерлеріне және оқытушыларымызға шынайы ризашылықтарымызды білдіреміз.
Әскери кафедра студенттері[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


