«Семей медицина университеті» КеАҚ-да ғылыми-зерттеу қызметі бойынша номинация иегерлері.
2023 жылдың 12 сәуірінде Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні аталып өтілді, соған орай «Семей медицина университеті» КеАҚ-да Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, 2022 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі рейтингісінің нәтижелері шығарылды.
Сонымен, 2022 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі рейтингісінің нәтижелері бойынша «Теориялық кафедраның ең нәтижелі меңгерушісі» номинациясында ІІ-дәрежелі дипломмен ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі,м.ғ.к., Рахыжанова Сәуле Орынғазықызы марапатталды.
Сондай-ақ, 2022 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі рейтингісінің нәтижелері бойынша «Ғылымға қосқан үлесі үшін» номинациясы дипломмен Сайдахметова Айгүл Сайдахметқызы марапатталды. Кафедра номинанттарын шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге үлкен мақсаттар мен ұмтылыстар, үлкен мүмкіндіктер мен жетістіктер, батыл идеялар мен іс-әрекеттер, данышпан ойлар мен жаңалықтар, ғылыми қызметтен керемет рахат және өмірден прогрессивті бақыт тілейміз.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]