“СМУ” КеАҚ-да Бос орындар жәрмеңкесі өтті

“СМУ” КеАҚ-да Бос орындар жәрмеңкесі өтті

14 сәуірде «СМУ» КеАҚ-да Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Абай облысы ДСБ басшысы М.Н. Сандыбаев, Павлодар облысының Денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.О. Елтаева, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ҚР өңірлерінің Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, ҚР облыстарының ЕПҰ бас дәрігерлері, «СМУ» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы және 2023 жылғы «СМУ» КеАҚ түлектері қатысты.

Жәрмеңке түлектерді жұмыспен қамту және Medical foundation бөлімі өткізді.

Айта кетейік, университетте жыл сайын Бос орындар жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналды, оның мақсаты жұмыс берушілер мен ЖОО-ның мамандарды даярлау және жұмысқа орналастыру саласындағы ынтымақтастығын нығайту болып табылады.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу Абай облысы, ШҚО және Павлодар өңірінің денсаулық сақтау саласы үшін кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу тұрғысынан үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытта Абай облысы бойынша медицина кадрларының тапшылығы 158 бос орынды, ШҚО бойынша – 174, Павлодар облысында – 161 бос орынды құрайды.

Биыл «СМУ» КеАҚ -да 1067 жас маман оқуын аяқтауда. Бітіру бір уақытта 3 деңгейде жүзеге асырылады: бакалавриат, интернатура, резидентура.

Білім алушыларды жұмысқа орналастыру процесі бүкіл оқу жылы ішінде жүзеге асырылады және Бос орындар жәрмеңкесі осы рәсімнің соңғы кезеңі болып табылады.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]