2023 жылдың 13 сәуір күні 2 дәріс залында «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушаларына «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері» және «Киберқылмыспен, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтықпен күресу» тақырыптарына дәріс өткізілді.
Бірінші тақырып бойынша қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Сәбитов Серік Мұхаметқазыұлы әйелдерге қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі, әйелдер өміріндегі ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылатынын, оның ішінде әйелдерге қарсы заңсыз әрекеттерді жасауға әсер ететін факторлар туралы айтылды. Студенттер, Қызыл кордон шағын ауданында зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Ана үйі» бар екендігі туралы ақпарат алды.
Медицина мектебінің деканы С.Е.Узбекова Семей медициналық университетінің түлегіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғандығы туралы фактіні өкінішпен айтып өтті.
Екінші тақырып бойынша, аса маңызды істер жөніндегі Абай облыстық полиция департаментінің майоры Кабытаев Мират Мейрамбекович, соңғы уақытта еліміздегі өзекті мәселелердің бірі, интернет желісіндегі алаяқтық және қылмыстың бұл түрі жылдам өсіп келетіндігі туралы атап кетті. Жиналыс барысында М.М.Кабытаев білім алушыларды интернет-алаяқтықтың түрлерімен таныстырып, “Анидеск” және “Таймфьюер” сияқты бағдарламаларды жүктеуден аулақ болуды ескертті. Полиция майоры білім алушылардың назарын, қылмыстың осы түрінің ашылуы аса күрді екендігіне аударды: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қортындысымен Абай облысы бойынша 154 қылмыс тіркелді, олардың 113-і аса күрделі болғандықтан 15-і ғана ашылған.
Қортындылай келе медицина мектебінің деканы С.Е. Узбекова білім алушылардың дресс-код, мінез құлық ережелерін сақтау қажеттігін атап өтті, КеАҚ “СМУ” білім алушылары, ішкі тәртіп ережелері мен әдеп кодексін бұзғаны үшін, тәртіптік жаза шаралары қолданылатындығы туралы еске салды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


