Мұражайға саяхат

Мұражайға саяхат

Абай мұрасын насихаттау мақсатында 13 сәуір 2023 жылы әскери кафедраның 3214 тобының студенттері оқытушы медицина қызметінің подполковнигі А.Т Смағуловтың жетекшілігімен Абайдың “Жидебай- Бөрілі” мемориалдық қорық-музейіне барды.

Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы – Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме.

Музейдегі 7 дербес тақырыптық залдарда Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары орналастырылған.

Бұл саяхат взвод студенттеріне жаңа құнды мәліметтер бере отырып, рухани жағынан дамуына өз пайдасын тигізді.

Тәрбие жұмысына жауапты

медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір