2023 жылғы 01-13 ақпан аралығында симуляциялық және білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары А.Г. Гизатулина, Э.А. Жакупбекова, Ж.Р. Шуакбаева 3 курс «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының студенттері арасында “Семей медицина университеті” КеАҚ – ның 70 жылдығына арналған “Психология және медицина”тақырыбында эссе байқауын өткізді.
Байқауға барлығы 30 студент қатысты, оның ішінде 13 студент қазақ тілінде, 7 студент орыс тілінде, 10 студент ағылшын тілінде эссе ұсынды. 2023 жылдың 14 ақпанында эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Ұйымдастыру комитеті шешімінің нәтижелері бойынша жеңімпаз атанды:
1 орын Аманкелдіқызы Айым – “Жалпы медицина” ББ 3216 тобының студенті
2 орын Рүстембекова Айтолқын – “Жалпы медицина”ББ 3216 тобының студенті
3 орын Асури Гитика Сонали – “Жалпы медицина”ББ 3434 тобының студенті