Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға (1910-1982)

Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға (1910-1982)

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін насихаттау мақсатында 14 сәуір 2023 жылы әскери кафедраның 3214 топ студенттері Ербатыров Қ., Ерсайын Е. «Қазақтың қаһарман батыры – Бауыржан Момышұлы» тақырыбында презентация өткізді.

Студенттер шара барысында Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері жайлы көп мағлұматтар алды, ол әділ, өткір, шыншыл, қырағы, айбынды, арлы, рухы күшті әскери басшы.

Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейін батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған. Жоғарғы Әскери академияны бітіріп, сонда ұстаздық еткен. Кейін біржола шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған.

Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» дегендей оның есімі ел жүрегінде мәңгі сақталады.

Әскери кафедра оқытушысы

медицина қызметінің подполковнигі А.Смағулов

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір