Семей қаласының “СМУ” КеАҚ жалпы тәжірбиелік дәрігер кафедрасы №1 студенттер үйінде іс-шара өткізу

Семей қаласының “СМУ” КеАҚ жалпы тәжірбиелік дәрігер кафедрасы №1 студенттер үйінде іс-шара өткізу

08.04.2023 жылы Семей қаласының “СМУ” КеАҚ жалпы тәжірбиелік дәрігер кафедрасында тәрбие жұмысын орындау шеңберінде студенттерінің үйлерінде сенбі күнгі іс-шаралар жоспарына сәйкес №1 студенттер үйінде тұратын білім алушыларға “сүт безі обырының өзін-өзі диагностикалау” тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Семей қаласының ЖТД кафедрасында RITA бағдарламасы бойынша “Қазақстандық жастарда сүт безі обырының өзін-өзі диагностикалауын оқыту” халықаралық жобасы іске асырылуда. Аталған әлеуметтік маңызы бар тақырып бойынша білімді тарату мақсатында “МУС” КеАҚ жоба үйлестірушісі Н.А. Балашкевич, м.ғ.м., Семей қаласының ЖТД кафедрасының ассистенті осы іс-шараны өткізуге жауапты тұлға ретінде сөз сөйледі. Тыңдаушылардың назарына эпидемиология, қауіп факторлары, сүт безі обырының клиникалық белгілері, сондай-ақ сүт бездерінің өзін-өзі тексеру алгоритмі мәселелері бойынша дәріс ұсынылды. Пальпацияның бірнеше әдістерін көрсеткеннен кейін, шағын топтарда жұмыс істей отырып, студенттер үлгі бойынша практикалық дағдыларды үйренуге мүмкіндік алды.

Семинар соңында сүт бездерін өзін-өзі тексеру алгоритмі бойынша үлестірме материал ұсынылды.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір