ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ЖОО-ның барлық студенттерін жанұялық құндылықтар, гендерлік әділеттілік және теңдік мәселесі бойынша хабардар ету мақсатында Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Семей медицина университеті» КеАҚ білім алушыларының барлық мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студенттеріне «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері» және «Ата-аналық  құқықтық қатынастардың құндылығын қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері” атты тақырыптарда  дәрістер оқылды. Дәрістер 5 және 6 сәуір күндері Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі мектебі деканы Ы.О. Кайрханова мен Медицина мектебі деканы С.Е. Узбековалардың қатысуымен өтті.

Дәрісті оқу арқылы Alikhan Bokeikhan University, РhD докторы, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Серік Мұхамедқазыұлы Сабитов пен Alikhan Bokeikhan University, РhD докторы, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті Динара Багдатовна Разиева отбасылық зорлық-зомбылық бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырудың қажеттілігі, отбасындағы жанжал салдарынан балалардың көп зардап шегетіні, сондай-ақ, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары, нәзікжандылардың лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, студенттердің атаулы бағыттағы құқықтық сауатылықтарының артуына мүмкіндік жасады.

Отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды. Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігі, сондай-ақ, студенттердің жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: