СМУ 70 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз

Құрметті студенттер!

Сіздерді Семей медицина университетінің жалпы білім беру пәндері кафедрасы 2023 жылдың 18 мамырында студенттер арасында өтетін Республикалық Семей медицина университетінің 70 жылдық мерейтойына орайластырылған Қазақстан тарихы пәні бойынша Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысуға шақырады.

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

  1. Олимпиада онлайн/оффлайн форматта өтеді.
  2. Олимпиадаға ЖОО және орта арнаулы білім беру мекемелерінің барлық білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысады.
  1. Олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 5 мамырына дейін «Пәндік олимпиада» белгісімен ood@smu.edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
  1. Олимпиаданың толық ережесімен келесіде сілтеме бойынша таныса аласыздар.
  2. Олимпиаданың қорытындысы олимпиада өткен күні шығарылады.
  3. Олимпиада 3 кезеңде өтеді:

 І кезең. «Таныстыру»

ІІ кезең. «Зияткерлік» деп аталады, жарыс 2 бөлімнен тұрады:

  • «Блиц-сұрақ» сайысы;
  • Топтық сұрақ-жауап сайысы.

ІІІ кезең. «Семей медицина университеті» КеАҚ 70 жылдық мерейтойына орай құттықтау бейнебаянын әзірлеу бойынша шығармашылық сhallenge.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 071400, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 103. «Семей медицина университеті» КеАҚ. Үлкен конференц-зал.

Олимпиаданы өткізу сұрақтары бойынша координаторлар:

Садыкова Лиза Кадирхановна 8 775 980 1667

Аманбекова Нургул Даировна 8 771 352 1857

Жарияланды: