Ғашықтар күні – Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу

Ғашықтар күні – Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу

15 сәуірінде «Жалпы медицина» мамандығының 3203 тобының студенттері Ғашықтар күні және оның өскелең ұрпаққа адамгершілік және мәдени ықпалының маңыздылығы туралы кураторлық сағат өткізді. Мереке күні қазақ эпосының қаһармандары Қозы Көрпеш пен Баян-Сұлудың құрметіне таңдалды. Қозы Көрпеш пен Баян-Сұлудың трагедиялық махаббаты туралы ескі аңыз қазіргі қоғамның тенденцияларын ескере отырып, жастарды шынайы және таза махаббат ұғымына тәрбиелеу үшін ең қолайлы болып табылады. Топ студенттері шығармадан шағын көріністі қойылым түрінде ойнап, сонымен қатар өлеңде көтерілген мәселелер мен қамтылған идеялардың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Өйткені, шығарманың идеялары белгілі бір дәрежеде бүгінгі күнге дейін өзекті.

3203 гр. студенттері, Жалпы медицина, куратор Жазықбаева Л.К.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]