Есік қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының кезекті отырысы өтті

Есік қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының кезекті отырысы өтті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының кезекті отырысы өтті. Отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық бюросының елдік стратегиялар және денсаулық сақтау жүйелері департаментінің директоры Наташа Азоппарди Мускат, ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығы Кеңсесінің Басшысы Мелитта Якаб, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері Тимур Сұлтанғазиев, Вячеслав Дудник және Бейбіт Есенбаев сөз сөйледі. Алқа мүшелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік практикасы орталығы деп таныған Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасына барды.

Айта кетейік, Қазақстанда АМСК үздік тәжірибе орталықтары оның басшысы м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков бастаған “Primary Health Care” Ұлттық Қауымдастығының қолдауының арқасында дамыған.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз