18.04.2023 жылы Астана медицина университетінің базасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметін реттейтін мәселелер бойынша ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерін шақыра отырып, денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өткізілді. ҚР ҒЖБМ білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары А. Ж. Еділханов “Таза парақтан реттеу” Жаңа реттеу саясатының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұдан былай бақылау шараларын іріктеу мен жоспарлаудың барлық рәсімдері автоматтандырылатыны, адами фактордың қатысуынсыз ақпараттық жүйемен жүргізілетін әрбір ЖООКБҰ тәуекелдерінің дәрежелері айқындалатыны түсіндірілді. Тиісінше, ЖОО басшыларының уәкілетті органдарға берілетін ЖОО қызметі туралы деректердің уақтылығы, объективтілігі үшін жауапкершілігі артады.
Бұдан әрі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім басқармасының басшысы А. К. Изденов медициналық білім беруді регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың ерекшеліктерін түсіндіріп, медициналық білім беру ұйымдарымен бірлесіп интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын енгізу мәселелерін талқылады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]



