«Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау» және «Киберқылмыспен, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтықпен күресу»

«Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау» және «Киберқылмыспен, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтықпен күресу»

2023 жылдың 17 сәуір күні «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 3-4 курс білім алушаларына арналған  «Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау» және «Киберқылмыспен, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтықпен күресу» тақырыптарына дәріс өткізілді.

Бірінші тақырып бойынша Козбагаров А.А. атындағы  акушерия және гинекология және Хирургиялық пәндер кафедраларының оқытушылары Бухариева Сандугаш Сериковна и Рыспаева Жанылсын Альмуратовна дәріс оқыды. Дәріс барысында репродуктивті денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану, жеке гигиена ережелерін сақтау, қажетсіз жүктіліктің алдын алуға, жыныстық инфекциялардың алдын алуға, сондай – ақ дұрыс тамақтануға, үнемі дене белсенділігімен айналысуға және иммунитетті нығайтуға мүмкіндік беретін контрацептивтерді қолдану қажеттігі аталып өтілді.

Екінші тақырып бойынша, аса маңызды істер жөніндегі Абай облыстық полиция департаментінің майоры Кабытаев Мират Мейрамбекович, соңғы уақытта еліміздегі өзекті мәселелердің бірі, интернет желісіндегі алаяқтық және қылмыстың бұл түрі жылдам өсіп келетіндігі туралы атап кетті. Жиналыс барысында  М.М.Кабытаев білім алушыларды интернет-алаяқтықтың түрлерімен таныстырып, “Анидеск” және “Таймфьюер” сияқты бағдарламаларды жүктеуден аулақ болуды ескертті.

Қортындылай келе медицина мектебінің декан орынбасары А.Б.Дюсенбаева білім алушылардың дресс-код, мінез құлық ережелерін сақтау қажеттігін атап өтті, “СМУ” КеАҚ  білім алушылары, ішкі тәртіп ережелері мен әдеп кодексін бұзғаны үшін, тәртіптік жаза шаралары қолданылатындығы туралы еске салды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар