Резиденттердің академиялық ұтқырлығы

Резиденттердің академиялық ұтқырлығы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университеті мен Семей медицина университетінің жұқпалы аурулар ,дерматовенерология және иммунология кафедрасының ынтымақтастығы жалғасуда.

27 наурызда Рязань мемлекеттік медицина университетінің аккредиттеу-симуляциялық орталығының аға оқытушысы, анатомия кафедрасының доценті, м. ғ. к., Бахарев Илья Вячеславович “Жұқпалы аурулар ересектер, балалар” (101,102,103 топ) мамандығының Семей медицина университетінің резиденттері үшін “инфекциялық аурулар” пәні шеңберінде резиденттер үшін “Шұғыл жағдайлар” бөлімі бойынша практикалық сабақтар өткізе бастады. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары мынадай тақырыптарды қамтиды: “Ересектердің негізгі жүрек-өкпе реанимациясы”, “ДЗ көктамыр ішіне енгізу”, “ЭМӨ”, “Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы”. Сабақ барысында оқыту мен бағалаудың әртүрлі әдістері қолданылады: тест тапсырмаларын шешу, ауызша талдау, клиникалық жағдайларды талдау, сабақ тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсету, кері байланыс. Сабақ циклі аяқталғаннан кейін бақылау тестілеуін өткізу және резиденттерге бағалау парағын беру жоспарлануда.

Рубрикалар: Оқу процесі