2023 жылдың 13 сәуірінен бастап университет психологы Асылбекова А.М. бірінші диагностикалық жұмыста «тәуекел тобына» түскен студенттерге қайталама психологиялық диагностика жүргізуде. Қайта диагностикалық жұмыс жүргізердің алдында жоспар бойынша түзету (коррекциялық) жұмыстары жүргізіледі.
Оқушыларға ыңғайлы болу үшін тестілеу онлайн режимде жүргізіледі. СТБ қызметкерлері тестілеуге көмектеседі.
Студенттер «СР-45» және «Бірінші курс студенттерінің бейімделу деңгейі» сынды әдістемелерден қайталап өтеді. Мақсаты – олардың суицидке бейімділігін, оқуға және топқа бейімделу деңгейін анықтау. Осы сынақтардың нәтижелері бойынша салыстырмалы кесте жасалады, онда студенттердің тест бойынша көрсеткіштерінде оң өзгерістер анықталуы тиіс.