Вирустық ішек инфекцияларын алдын алу бойынша Абай ауданы орталық жедел жәрдем станциясында өткізілген семинар

Вирустық ішек инфекцияларын алдын алу бойынша Абай ауданы орталық жедел жәрдем станциясында өткізілген семинар

21.04.2023 ж. «СМУ» КеАҚ «Жалпы медицина» факультетінің 5108 тобының бакалаврлары Абай ауданының орталық жедел жәрдем станциясында вирусты ішек инфекцияларының алдын алу бойынша семинарға белсене қатысты.

Болашақ дәрігерлер өз баяндамаларында вирустық ішек инфекциялары қоздырғыштары: ротавирустар, норо-, астро-, энтеровирустар және т.б. болатынын және көріністері бойынша жедел инфекциялық аурулар тобы екенін еске салды. Бұл қоздырғыштардың барлық жерде болатыны, асқазан-ішек жолдарының жасушаларында көбейетіні, диарея мен құсуды тудыратыны, сондай-ақ вирустардың кейбір түрлері тыныс алу жолдарынан да жұғып жөтел, мұрыннан су ағу сияқты суық тиюге ұқсас белгілерді тудыруы мүмкін екендігін атап өтті.

Спикерлер вирустық ішек инфекцияларының клиникалық көріністеріне тоқталып, жұқпалы аурулардың осы тобының алдын алудың негізгі ережелеріне жеке тоқталды.

Шаймарбанов Н.К., Смаил Е.М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар