2023 жылғы 19-21 сәуірде Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан студенттер Альянсы (ҚСА) ұйымдастырған “META MEET” XIX республикалық студенттік съезі өтті. Іс-шараға Қазақстанның 20 өңірінен 1000-нан астам ЖОО және колледж студенттері, соның ішінде Абай облысының 25 студент келді.
Шақырылым барысында “Семей медицина университеті” КеАҚ 3102 тобының 3 курс студенті Қуаныш Саятұлына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Е.Д. Кочетовтың еліміздің жастар саясатын дамытуға бағытталған іс-шараларды белсенді іске асырғаны үшін” Алғыс хаты” табыс етілді.
Альянс өкілдері білім беру, спорттық және шығармашылық конкурстарға қатысты. Жастар арасында өткен ҚСА кубогына арналған футбол турнирінде Абай облысының командасы 1 орын алып, 3 дүркін чемпион атанды. Қыздар арасында өткен волейболдан турнирде біздің облыс командасы 2 орын алды. Абай облысының штабы “Үздік жоба” үшін марапатталды.[/vc_column_text]




