Қазақ халқының тарихы көне заманнан бастау алған сан ғасырлық кезеңдерден тұрады. Тарих – бұл тек өткен шақтағы оқиғалар емес, бұл көп аспектілерді біріктіретін терең ғылым саласы. Әр жасаған қазіргі іс-әрекетіміз ертеңгі тарих. Бұл біздің мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ата-бабаларымыздың қаны мен тері, қалдырған қазыналары – халқымыздың қазіргідей азат мемлекет болуының бірден-бір себебі.
«Өзін-өзі білген ер бақытты, өзін-өзі билеген ел бақытты» дегендей, адамзат өзін толық танып білу үшін, біріншіден міндетті түрде өзінің шығу тарихын білу абзал. Және оны атадан балаға мұра ретінде қалдыру әр азаматтың борышы, тек сол сәтте халқымыздың әлі ұзақ ғасырлар бойы өмірін жалғастыратынына сенімді боламыз.
Өзгелердің тарихи, мәдениетіне, жетістіктеріне тамсанып қана қоймай, біз де өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен терең тарихымызды өзгелерге көрсете білуге міндеттіміз. Соған орай Семей медицина университетінің 4218 тобы студенттері А.А. Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасымен шетелдік Үндістаннан келген студенттерге қазақ халқының сақ заманының мұрасын дәріптеу үшін, Семей қаласының тұрғыны Серәлі Мұхамедсалықовтың «сақ шатырына» экскурсия ұйымдастырылды. Музыкалық аспаптармен орындалған композициялар ерекше күйге, өткен ғасырлардың атмосферасына бөлегендей болды. Көне жәдігерлер, таңбалар, құрал –жабдықтар құдды сол заманға ауыстырғандай болды, әсіресе шет елдік студенттерді тамсандырып, таңқалдырды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]