Психологиялық үйірме отырысы

Психологиялық үйірме отырысы

2023 жылдың 14 сәуірінде психолог А.М.Асылбекованың төрағалығымен психологиялық үйірменің кезекті отырысы өтті.

Кездесу тақырыбы «Интернеттің бала психикасына әсері» болды. Бұл жолы Кеңесханов Нұрлан, Сержан Арсен материал дайындап, баяндама жасады. Баяндамадан кейін психологиялық үйірмеге қатысушылар Интернеттің адам өміріне әсері және әсіресе баланың нәзік психикасына әсері, интернетке тәуелділік дегеніміз не, өзіңізді және балаларды қалай қорғау керек, интернетке тәуелділік тек психикалық денсаулыққа ғана емес сонымен қатар физикалық денсаулыққа қалай әсер ететінін, балаларды қалай қорғауға болатынын талқыланды. Сондай-ақ, Интернетке тәуелділіктің алдын алу шаралары туралы және Интернетке тәуелді болсаңыз, жұмыс істеу шаралары туралы білу өте пайдалы болды. Кездесу соңында студенттер келесі тақырыпқа және баяндамашыларға тоқталды.

Рубрикалар: Категориясыз