Абай ауданындағы «Әуезов» қосалқы станциясында вирустық ішек инфекцияларының алдын алу бойынша семинар

Абай ауданындағы «Әуезов» қосалқы станциясында вирустық ішек инфекцияларының алдын алу бойынша семинар

Қазіргі уақытта «Жұқпалы аурулар және иммунология» кафедрасында білім алып жатқан «СМУ» КеАҚ «Жалпы медицина» факультетінің 5108 тобының бакалаврлары жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинарларға белсенді қатысуды жалғастыруда. 2023 жылдың 26 сәуірінде болашақ дәрігерлер Абай ауданындағы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету пунктінің «Әуезов» қосалқы станциясында вирустық ішек инфекцияларының алдын алу бойынша семинарға қатысты.

Болашақ дәрігерлер өз баяндамаларында вирустық ішек инфекциялары қоздырғыштары: ротавирустар, норо-, астро-, энтеровирустар және т.б. болатынын және көріністері бойынша жедел инфекциялық аурулар тобы екенін еске салды. Бұл қоздырғыштардың барлық жерде болатыны, асқазан-ішек жолдарының жасушаларында көбейетіні, диарея мен құсуды тудыратыны, сондай-ақ вирустардың кейбір түрлері тыныс алу жолдарынан да жұғып жөтел, мұрыннан су ағу сияқты суық тиюге ұқсас белгілерді тудыруы мүмкін екендігін атап өтті.
Спикерлер вирустық ішек инфекцияларының клиникалық көріністеріне тоқталып, жұқпалы аурулардың осы тобының алдын алудың негізгі ережелеріне жеке тоқталды.

Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар