2023 жылғы 12-13 сәуірде КеАҚ «Семей медицина университетінде» ҚР Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Л.К.Қаражанованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысуымен білім алушылардың 65-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция барысында келесі бағыттар бойынша секциялар жұмыс істеді, олар: «Жалпы білім беру пәндері және әскери дайындық», «Заманауи медицинадағы іргелі ғылыми зерттеулер», «Денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық», «Заманауи педиатрияны дамыту», «Стоматологияның заманауи даму трендтері», «Хирургияның өзекті мәселелері», «Заманауи терапия: тенденция және әлеуметтік қажеттіліктер» және «Постерлік баяндамалар бөлімі».
Осы аталған конференцияға ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасынан баяндамалар ұсынылып, ғылыми-жетекшісі ретінде:м.ғ.к.кафедра меңгерушісі С.О.Рахыжанова болды. Сонымен, білім алушылар арасында өткізілген «Ғылым және денсаулық» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында көпшіліктің көңілінен шығып, үздік жоғары нәтиже көрсеткені үшін І орынды иеленіп, I дәрежелі дипломмен «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері Калелова Малика, Саманд Абдулькабир марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Л. К. Қаражанованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысуымен білім алушылардың 65-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Блестящая защита исследования» номинациясы дипломымен «Педиатрия» мамандығының 2 курс студенті Курманбекова Азария марапатталды, ғылыми-жетекшісі:м.ғ.к.кафедра меңгерушісі С.О.Рахыжанова болды.
Кафедра атынан номинанттарды шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге үлкен мақсаттар мен ұмтылыстар, үлкен мүмкіндіктер мен жетістіктер, батыл идеялар мен іс-әрекеттер, данышпан ойлар мен жаңалықтар тілейміз.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]