Сәуірдің 28-де 2023 ж. «Балалар жұқпалы аурулар» кафедрасында, ПОҚ, 4 курс ЖМ, 6 курс ЖТД, 7 курс педиатр-интерндердің ағымдағы топтары және «Жұқпалы аурулар ауруханасының» инфекционист дәрігерлердің қатысуымен СМУ КеАҚ 70 жылдығына орай балалар жұқпалы аурулар кафедрасының негізін қалаған ардагер ұстаздарға арналған кеш өтті. Сәл кейінге шегініп, «Университет тарихының беттерін» парақтасақ, Семей Медицина Институтында 11.09.1972 жылы балалар жұқпалы аурулар курсымен госпитальды педиатрия кафедрасы ашылып, кафедра меңгерушісі доцент Коган Михаил Борисович бекітілген, ал балалар жұқпалы аурулар курсына доцент Лопатина Жозефина Марковна жауапты болды. Балалар жұқпалы аурулары курсында 1971 жылдан бастап м.ғ.к доцент Курманова Багдияр Романовна, 1973жылдан бастап м.ғ.к доцент Бекенова Майра Ермакошовна қызмет етті. Балалар жұқпалы аурулар курсы кейіннен педиатрия кафедрасынан дербес кафедра болып бөлініп, оның меңгерушісі болып доцент Шабалин В.В тағайындалды, кейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессоры Булаткина З.Г, профессор Архипов Г.С, м.ғ.к, доцент Курманова Б.Р басқарды. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді, кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М басқаруымен өткен кеште студенттер мен кеш қонақтарына балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ардагер- ұстаздары: Лопатина Жозефина Марковна, Курманова Багдияр Романовна, Бекенова Майра Ермакашовналардың өмірбаяндары таныстырылып, кафедрадағы педагогикалық қызметтері мен ғылыми еңбектері баяндалды. Шәкіртсіз ұстаз тұл демкеші, ғалым-ұстаздардың оқушылары инфекционист дәрігерлер Каржаубаева С.Р, Асылбеков Б.Ж, Секербаев Д.М. дәрігер болып қалыптасудағы Багдияр Романовна мен Майра Ермакашовнаның мен емдеу ісіндегі тәжірибелері мен жақсы қасиеттерін еске алды. Жас ұрпаққа тәрбиелік мәні зор кеште 4109 тобының студентті Қалибекова Жібек авторлық өлең шумақтарын шығарып, оқыды, 4109,4110т студенттері ән арнады. Кеш қонақтары Багдияр Романовнаның баласы Курманов Дамир, немересі Курманов Замир мен «ZOOM» платформасында онлайн қатысқан Бекенова Майра Ермакошовнаның балалары Бекенов Аскар және Бекенова Назигуль Кипрден қатысып, іс-шараға алғыстарын білдірді.
Біздің іс-шарамызда еске алынған осы тамаша адамдардың барлығы Университетіміздің тарихы, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының тарихы, олар бүкіл өмірін медицина саласына арнады. Бұл кісілердің медицина саласына сіңірген еңбегі ерекше, артынан ерген жас ұрпаққа мақтаныш және үлгі.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы, “СМУ” ҚеАҚ[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]