03.05.2023 жылы А.А. Козбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасының Перинаталды орталық базасында кафедра меңгерушісі Г.А. Танышеваның жетекшілігімен ЖТД интерндерінің түлектері үшін “Ашық есік күні” ұйымдастырылды.
Іс-шараға деканның орынбасары Бейсегажина Замзагүл Рымжанқызы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – “Акушерия және гинекология ересектер, балалар” мамандығы бойынша резидентураға интерндерді тарту болды
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., ассоцирленген профессор Танышева Г.А. интерндерге презентация ұсынды, онда интерндерді кафедра тарихымен, қызметкерлерімен, олардың ғылыми басымдықтарымен, жетістіктерімен және кафедраның жабдықталуымен таныстырды.
Резидентураға жауапты, кафедра оқу ісінің меңгерушісі Кинаятова Ш.К. интерндерді «Акушерия және гинекология ересектер, балалар» мамандығы бойынша ОБ, қосымша білім беру, таңдалған бейін бойынша резидентурада оқыту перспективаларымен таныстырды. Резидентурада оқу мерзімі туралы мамандықтың барлық артықшылықтары ұсынылды.
Іс-шара соңында шақырылған интерндер кездесу туралы өз әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.