Бүгін “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жоба аясында Отан қорғаушылар күніне арналған интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, Абай облысының әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, “AMANAT” партиясынан облыстық мәслихат депутаты Алтай Дюсупов, ҚР ҚМ “Шығыс” РМҚК қолбасшысы Қуанышбек Үштаев, “Ауған соғыс және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектерінің” ҚБ төрағасы Боранбай Бегатов, Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, Абай облысы “AMANAT” партиясы филиалының өкілдері, қала ардагерлері кеңесінің өкілдері, этно-мәдени және үкіметтік емес бірлестіктер, мәдениет қайраткерлері, ЖОО, колледж студенттері.
Айта кетейік, бұрынғы Семей облысынан Ауғанстандағы соғысқа 1100 әскер мен офицер шақырылды. Өзінің жауынгерлік міндетін орындау кезінде 44 адам қаза тапты, 2 адам хабар-ошарсыз кетті. Бүгінде Семейде 433 интернационалист жауынгер тұрады. Сапта қалып, ауған жауынгерлері жастар арасында тәрбие-патриоттық жұмыс жүргізуді жалғастыруда.[/vc_column_text]