9 мамыр Жеңіс күні – Қазақстан халқы үшін айтулы мереке.
Ұлы Отан соғысы – Қазақстан үшін өзіндік мән-мағынасы бар, тарихи оқиға, сол себепті бұл күн – Қазақстан халқы үшін маңызы зор, әрі алтыннан да бағалы күн ретінде қабылданады.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, бейбіт өмір үшін өз өмірлерін қиған майдангерлерге тағзым ету, үлгі-өнеге ету, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында, «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен, университет Кәсіподағы ұйымының, Жас ұлан лицейі курсантарының және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басқармасының Гарнизондық офицерлері үйі әртістерінің ат салысуымен, 4 мамыр 2023 жылы Ұлы Жеңіс мерекесінің 78 жылдық және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуының 31 жылдық мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.
«Гарнизондық офицерлер үйі» әскери оркестрінің университет фойесінде қонақтарды қарсы алуымен басталған жиын, қару-жарақ көрмесін тамашалаумен ұласты.
Басқарма Төрағасы – Ректор м.ғ.д., профессор А.Дюсупов, медицина университетінің алғашқы түлегі, профессор Р.Иванова, Қазақстан жаратылыстану ғылымының Ұлттық академия академигі, «Құрмет» орденінің кавалері З.Токаев ардагерлерді және басқа да қатысушыларды мерекемен құттықтап, әскери кафедраның үздік студенттеріне марапаттау қағаздарын тапсырды.
Ардагерлерге сый-сыяпат тарту етіліп, майданнан оралмаған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Ұмытылмас Ұлы Жеңіс» және «Ұлт әскері – ел қорғаны» атты бөлімдермен өткізілген бұл шара келген қонақтармен және көрермендермен жоғары дәрежеде бағаланды.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]