Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен барша қазақстандықтар үшін ұлы мереке – Жеңіс күні жақындап қалды! Бұл күн тек қуанышты ғана емес, есте қалатын күн. Бұл еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғағандардың мақтаныш белгісі, қайсарлықтың, халықтың ерік-жігерінің белгісі. Мамыр айы бойы барлық білім және мәдениет мекемелерінде қайырымдылық шаралары өткізіліп, соғыста қаза тапқандарды еске алуға арналған түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.
Осы айтулы мереке қарсаңында 2023 жылдың 5 мамырында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында куратор Қ.Т. Сыдықованың жетекшілігімен және «Стоматология» мамандығының 2 курс 202 топ студенттерімен Жеңіс күніне арналған кураторлық сағат өткізілді. Болашақ ұрпақтың өз Отанының тағдырына деген жанашарлығы баршаға патриотизмнің жарқын үлгісі мен халық сенімінің беріктігіне айналуы тиіс! Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бас иеміз және осы жарқын күнді көре алмаған барлық батырларды мақтанышпен еске аламыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
М.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты Қ.Т.Сыдықова[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]