02.05.2023ж. «Күміс университет» бағдарламасы аясында Семей қаласындағы «Бүйрек орталығы» мекемесінде нефролог-резиденттер нефрология бөлімшесінің емделушілеріне бүйрек ауруларына емдік тамақтану қағидалары бойынша оқыту жүргізді. Бұл тақырып, әсіресе созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарға өзекті мәселе болып саналады. №7 емдәм – бүйрек ауруларының дәрілік емес емінің негізі болып табылады. Презентация материалында резиденттер емдәм ережелерін, қоректік заттардың теңгерімін, мәзірдің құндылығын және әр күн үшін мәзір үлгілерін атап өтті. Тақырып өте қызықты болды, пациенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды.
Теңгерімді емдәмді сақтау өте маңызды және тіпті аурудың дамуын бәсеңдетуге көмектесетін шара болатыны сөзсіз. Күнделікті ас мәзірін құрастырған кезде, сіздің тағамыңыз неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым сау болудың кепілі болатынын есте ұстаған жөн!
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]