04.05.2023ж. Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы бітіруші интерндерге «Ашық есік күні» атты шарасын өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі мақсаты – түлектерді «Нефрология, ересектердің, балалардың» резидентураның білім беру бағдарламасымен таныстыру болды. Резидентура бағдарламасына жауапты, кафедра ассистенті Ботабаева А.С. білім беру бағдарламасының мақсаттары мен миссиясы, негізгі пәндері, бағдарламаның білім берушілері туралы презентация материалдарымен таныстыру жүргізді. Оқытудың тәжірибелік жұмысы өтетін бағдарламаның негізгі клиникалық мекемелері мен бөлімшелері туралы ақпарат берілді. Резиденттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары академиялық тәлімгерлердің жетекшілігімен жүзеге асырылатыны туралы мәлімделді. Сонымен қатар, резиденттер ұлттық және халықаралық университеттермен академиялық ұтқырлық саясаты арқасында теориялық және тәжірибелік білімдерін толықтыру мүмкіндігі туралы айтылды.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының нефрологиялық қызметінің мүмкіндіктері мен даму бағыттары жайында сөз қозғалды. Сондықтан «Нефрология, ересектердің, балалардың» резидентурасын таңдаған түлектер өз саласының сұранысқа ие мамандары болары сөзсіз.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы