“СМУ” КеАҚ клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасында интерндерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді

“СМУ” КеАҚ клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасында интерндерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді

02.05.2023 – 12.05.2023 аралығында резидентураға түсу бойынша кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында «Жалпы дәрігерлік практика», Педиатрия», «Стоматология» мамандығы бойынша бітіруші интерндерге «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілуде. «СМУ» КеАҚ клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасында интерндерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді. 7 курс интерндері 04.05.2023жылы Абай облысының «Ядролық медицина және онкология орталығы», клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының клиникалық базасында болды.
Кафедра ассистенттері интерндерге хирургия, маммология және гинекология, рентгенология, функционалдық диагностика бөлімдерін көрсетті. Кездесу барысында тағылымдамадан өтушілерге білім беру бейінін және болашақ кәсіби қызметінің көлемін таңдау процесінде қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Кәсіби қызмет бағыты бойынша резидентурада оқыту бойынша презентациялар дайындалды. Кафедра меңгерушісі , PhD дәрігері Пак Лаура Алексеевна интерндердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Рубрикалар: Категориясыз