Жұмыстың мақсаты: «Педиатрия» мамандығы бойынша резидентураны таңдау үшін интерндермен кәсіптік бағдар беру жұмысы
Д.М. Тусупова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында 2023ж 4 мамырда «Педиатрия» мамандығы бойынша интерндарға «Ашық есік» күні өтті. Кафедра меңгерушісі Алимбаева А.А және кафедра ассистенттері Иманмадиева Д.М., Ахметжанова Д.О, Назарбекова М.С. «Педиатрия» мамандығы бойынша резидентураға үміткер интерндерді осы мамандықпен таныстырды. 1-ші оқу жылындағы резидент-педиатр А.Талғат және П.Теміржанова кафедра тарихы жайлы қысқаша ақпараттандырып, резидент-педиатрлардың жұмыс барысымен, міндеттерімен және Семей қаласындағы білім алатын базалармен таныстырды. Кәсіптік тәжірибе алмасу мақсатында резидентура барысында басқа аудандар мен қалалардан тәжірибе өту мүмкіндігі туралы айтылды. Сонымен қатар, «СМУ» КеАҚ клиникалық орталығының Балалар корпусында орналасқан қабылдау бөлімі, триаж жүйесі, педиатрия бөлімшесімен және жұмыс жасау бағыты туралы мәлімет алынып, Семей қаласы бойынша педиатрия бағытындағы клиникалық базаларда күнделікті орындалатын практикалық дағдылар барысынан суреттер, видео материалдар көрсетіліп, интерндерді қызықтыратын сұрақтарға толық жауаптар берілді. Д.М.Тусупова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедра ұжымы педиатрия мамандығын меңгеруге көптеген интерндар қызығушылық білдіреді деген үмітте.
Ұйымдастырушылар: 1-ші оқу жылындағы резидент-педиатрлар
Автор: Д.М. Тусупова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедра ассистенті Назарбекова М.С.[/vc_column_text]