Мақтан тұрып, еске аламыз!!!

Мақтан тұрып, еске аламыз!!!

5 мамыр күні А.А. Козбағаров атындағы акушерия жане гинекология кафедрасында Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңіс күніне арналған «Мақтан тұрып, еске аламыз» атты кураторлық сағат өтті.

9 мамыр – Қазақстанда ерекше күн, ол Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке болып табылады. Шара барысында кафедра ассистенті Саркучикова Г.Ж 4 курс студенттеріне құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде халықтың теңдесі жоқ қаһармандығы мен қайсарлығын ерекше атап өтті. 4211 топ студенті Мейрамбекова Елнара Ұлы Отан соғысына қатысушылар жайлы презентацияны баяндады: Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры (1990, қайтыс болғаннан кейін), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995, қайтыс болғаннан кейін), Мәскеу үшін шайқасқа қатысушы; Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев және т.б. Сондай-ақ студенттер Ұлы Отан соғысына арналған бейнефильмді тамашалады, өлең оқыды. Осынау ұлы күн біздің жадымызда мәңгі қалады, біз оларды мақтан тұтатып, халқымыздың тарихын есте сақтаймыз! Батырларға мәңгілік естелік пен даңқ!