03.05.2023 жылы шетелдік бөлімшенің бесінші курс студенттерімен кездесу өтті. Күн тәртібінде екі мәселе болды:
1. Қорытынды мемлекеттік емтиханды тапсыру.
2. Оқу ақысын уақытылы төлеу.
Бірінші мәселе бойынша бесінші курс үйлестірушісі, PhD, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доцентінің м.а. А.Т. Шаханова сөз сөйледі. Қатысушылардың назарына емтиханға шығарылған тақырыптардың тізімі ұсынылды. Практикалық дағдыларды OSCE форматында тапсыру туралы жете түсіндірді. Сондай ақ білім алушылар емтиханға қатысты жеке жағдайлар туралы хабарлар болды.
Екінші мәселе бойынша Шетелдік білім алушылармен жұмыс жөніндегі мектептің деканы, М. Ғ. м. Балашкевич Н. А.студенттермен алдыңғы семестрге оқу ақысын төлеу бойынша берешекті өтеу қажеттілігі және ағымдағы семестрге төлемді уақтылы енгізу туралы әңгімелесті. Сондай-ақ, ағымдағы сабақтарға дайындық сапасы, жазғы емтихан сессиясы және қорытынды мемлекеттік емтиханды тапсыру туралы әңгіме жүргізілді.
Ресми бөлімнен кейін қызу пікірталас өтті, оның барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Спикерлер бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған барлық студенттерге емтихандарды сәтті тапсыруды тіледі.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]