2023 – “Жүзден жүйрік – Primus inter pares – Первый среди равных” атты білім алушылардың Халықаралық Олимпиадасының жеңімпаздары

2023 – “Жүзден жүйрік – Primus inter pares – Первый среди равных” атты білім алушылардың Халықаралық Олимпиадасының жеңімпаздары

2023 жылдың 4-5 мамыр айында  Астана қаласында КеАҚ «Астана Медицина Университеті» – 2023 “Жүзден жүйрік- Primus inter pares – Первый среди равных” – атты білім алушылардың Халықаралық Олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға әр түрлі ғылыми бағытта КеАҚ «Семей Медициналық Университеті», Қазақстанның ЖОО-ң студенттері, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден  білім алушылары қатысты.

«Қалыпты физиология» секциясы бойынша қазылар алқасы мүшесінің құрамына КеАҚ «СМУ» ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Рахыжанова Сауле Орынгазыевна шақырылды. Олимпиадаға қатысу үшін КеАҚ «Семей Медициналық Университеті» физиологиялық пәндер кафедрасынан мамандығы «Жалпы медицина» 2-курс студенттері арасынан келесі студенттер алынды, олар  Қалелова Малика 2216топ, Саманд Абдулькабир 2118топ студенті – ғылыми жетекшісі м.ғ.к. Рахыжанова Сәуле Орынғазықызы, Саду Райгүл 2221топ, Жұмабеков Айдос 2221топ студенті- ғылыми жетекшісі б.ғ.к. Усенова Оксана Александровна.

Студенттер «Қалыпты физиология» секциясы бойынша қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өтті: бірінші кезең тәжірибелік дағдыларды көрсету, екінші кезең физиологиялық макеттерді дайындау, физиологиялық макетті даярлау процесі кезіндегі видео презентациясын көрсетіп түсіндіру.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда жүлделі 2-орынға ие болды, «ІІ-дәрежелі Дипломмен» марапатталды.

Бүкіл ұжым атынан номинанттар мен ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ғылыми қызметте табыс тілейміз.