Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды

Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама… Оны ашып-анықтау, белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып, елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау, бүгінгі ұрпақ – біздің қасиетті парызымыз.

Осы мақсатта, 2023 жылдың 5 мамырында, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында білім алушы студенттердің тыл ардагері Кравченко Любовь Борисовнамен және Мұрағаттар және құжаттар басқармасының Семей қалалық Қазіргі тарихтың құжаттамалық орталығының маманы Яковлева Наталья Владимировнамен кездесуі өтті.

Любовь Борисовна Семей қаласында соғыс уақытында жұмыс жасаған бес эвакуациялық госпитальдің құрылым және ондағы медициналық қызметкерлердің жұмысының маңыздылығы туралы айтып берді. Ол сондай-ақ, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің аямай еңбек етіп соғыста жарақаттанып эвакуацияланған солдаттардың аяққа тұрулары мақсатында бар күш- жігерлерін салып, барлық мүмкіндіктерді қолданғанын айтып берді.

Дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлері ерен еңбектің арқасында көптеген адамдардың өмірін сақтап, зардап шеккендердің өлім жағдайының азаюына қол жеткізген.

Соғыс жылдарында жақындары із-түссіз жоғалып кеткен адамдар аз емес, сол отбасылар бірнеше жылдан кейін жоғалған жақындары жайлы ақпарат іздеуде. Осыған байланысты іздеу жұмыстарын жүргізетін “Семей қаласының жаңа тарих құжаттамасы орталығы” КММ мұрағаты жұмысының маңыздылығын атап өткім келеді. Қызметкерлер маңызды құжаттарды жинақтау және тарихи оқиғаларды толықтыру жұмыстарын жанкештене жүргізуде, сонымен қатар олар соғысқа қатысқан батырлар мен орын алған ерекше оқиғаларды брошюралар мен кітап күйінде шығарумен айналысады.

Мұндай даналар қазір біздің университетке де тарту етілгенін хабарлауға қуаныштымыз.

Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы.

Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіс батыр бабаларымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан – ұрпаққа өнеге болады деп санаймыз.

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды»…

Тәрбие жұмысына жауапты

медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір