2023 жылғы 27 және 28 сәуірде Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Ұждан» және «Махаббат» спектакльдері өтті.
Бұл қойылымдарға кураторлармен бірге Өскемен қаласындағы «СМУ» КеАҚ филиалының «Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының интерндері қатысты.Келудегі мақсат – студенттердің қоғамдық санасын жаңғырту, ұлттық бірегейлікті сақтау және білім мәдениетін насихаттау. Интерндер актерлердің тамаша ойыны мен режиссерлердің шығармашылық жұмыстарын тамашалады.[/vc_column_text]