«Ағзалар мен жүйелер патологиясы» пәндік олимпиадасы

«Ағзалар мен жүйелер патологиясы» пәндік олимпиадасы

2023 жылдың 29 сәуірінде университетіміздің 2-ші  дәріс залында «Ағзалар мен жүйелердің патологиясы» пәні бойынша профессор Т.А. Назарова  атындағы  физиологиялық пәндер кафедрасы және профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедраларының  ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты – шығармашылық, зияткерлік іс-әрекетке белсенді қатысатын дарынды оқушыларды анықтау және олардың санын арттыру, сонымен қатар «Ағзалар мен жүйелер патологиясы» бойынша білімдерін бекіту, жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға «Жалпы медицина» мамандығының орыс, қазақ және шетел бөлімдерінің 3 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың бірінші турында тест тапсырмаларын шешу түрінде «Ағзалар мен жүйелер патологиясы» негізгі сұрақтары бойынша студенттерді тестілеу өткізілді. Тест тапсырмалары бойынша ең жоғары балл жинаған – 12 оқушы келесі кезеңге сәтті өтті. Олимпиада қазылар алқасының құрамына: Т.А. Назарова атындағы  физиологиялық пәндер кафедрасының профессоры  м.ғ.к., доцент Уразалина Н.М., профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Жакыпова А.А. болды.

Олимпиаданың 2-ші кезеңі  патогенетикалық схемаларды көрсетумен және микропрепараттардың презентацияларынан басталды. Сайыс қорытындысы бойынша келесі кезеңге 6 оқушы өтті. Олимпиаданың 3-ші кезеңі  әртүрлі номинациялар бойынша жеке сұрақтарды қамтыды: микропрепараттар түрінде және патологиялық физиология бойынша сұрақтар. Бұл қиын кезеңді  6 оқушы да сәтті аяқтады. Студенттер патологиялық физиологияның теориялық бөлімі бойынша білімдерін және патологиялық анатомия бойынша тәжірибелік  білімдерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен «Жалпы медицина» мамандығының  3 курс студенттері жеңімпаз атанды: 1- ші орын Төлеген Динара, 2-ші  орын Жұмағалиев Әділжан, Сачин Аграваль, 3-ші орын Жұмабаева Амина, Абдилманова Алема және Қалқаман Айжан.

Пәндік олимпиада жеңімпаздары дипломдар мен сертификаттарға ие болды. Қорытындылай келе  жеңімпаздарға келесі қоштасу сөздерін  Профессор Т.А. Назарова атындағы  физиологиялық пәндер кафедрасының профессоры Уразалина Н.М. және профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті , м.ғ.к. Жакыпова А.А. айтты.

Өскемен қаласының ЖТД 714 топ интерні Еркінова А. және ЖТД 738 топ интерні Халел Ә.,  пәндік олимпиаданы тамаша ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ерекше алғыс! Олардың әрқайсысы осы игі іске өз жанының бір бөлшегін салды!

Дәріс залында студенттердің «Ағзалар мен жүйелер патологиясы» деп аталатын пәндерге деген қызығушылықтары мен шынайы жылулық атмосферасы болды!!!

ҚР  еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы., профессор Ю.В. Пругло. атындағы патологиялық анатомия және сот медицина  кафедрасы.