12 мамырда “СМУ” КеАҚ университеттік госпиталінің базасында, госпитальдық хирургия, Анестезиология және реаниматология кафедрасында “Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар” мамандығы бойынша резидентураға түскісі келетін 7 курс интерндері үшін кездесу өткізілді. Кафедра профессоры М.К. Сыздықбаев жиналғандарға презентация ұсынды, онда интерндерді кафедра қызметкерлерімен, кафедра тарихымен, оның жетістіктерімен, жабдықталуымен, клиникалық базаларымен, бөлімшедегі резиденттердің жұмысымен таныстырды. Кафедра қызметкерлерінің емдеу жұмысын ерекше атап өтті, ол: таңертеңгі дәрігерлік конференция, консилиумдар, науқастарды аралау, ересектер, балалар, кардиологиялық қарқынды терапия бөлімшелеріндегі жұмыс; анестезиолог және ассистент рөліндегі операциялық блоктағы жұмыс, университеттің әртүрлі бөлімшелерінде консультациялар өткізуден тұрады. Қазіргі уақытта бізде 3 жылға есептелген “Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар” мамандығы бойынша 1-ші, 2-ші және 3-ші жыл резиденттері білім алуда. Олар жоспарлы және шұғыл кезекшілікте болады, анестезиологиялық дағдыларды өз бетінше орындайды, анестезиолог-реаниматолог дәрігерінің тәжірибелі клиникалық тәлімгерінің бақылауымен қарқынды терапияға тағайындалады. Кафедра қызметкерлерімен бірге ғылыми жұмыстар жүргізуде. Соңғы үш жылда резиденттермен бірлесіп 20-дан астам мақалалар мен тезистер жарияланды. 3 – ші жылдың докторанты М. Т. Оразғалиева, резидент дәрігерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Кафедра қызметкерлері интерндерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]