«Оқытудың соңғы нәтижесіне негізделген білім беру» тақырыбындағы жас оқытушылар мектебінің отырысы

«Оқытудың соңғы нәтижесіне негізделген білім беру» тақырыбындағы жас оқытушылар мектебінің отырысы

2023 жылдың 12 мамырында Жас оқытушылар мектебінің жоспарлы онлайн отырысы өтті. Баяндама тақырыбы: Оқытудың соңғы нәтижелеріне негізделген білім беру. «Жасуша метаболизмі» коммитетінің мысалында 1 курста ИББ енгізу тәжірибесі. Дәріскерлер: ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент Оразалина А.С. және жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Маукаева С.Б. Кездесуде университеттің теориялық және клиникалық кафедраларындағы оқу процесін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты мәселелер қаралды. Спикерлер жиналғандарға «Семей медициналық университеті» КеАҚ-ында 2019 жылдан бастап интеграцияланған білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Жас оқытушылар пәндік-бағдарлы және құзіреттілікке негізделген оқытудың айырмашылықтарымен, глоссариймен, бакалавриат түлегінің құзыреттіліктерін дамыту бойынша әр курстағы көлденең интеграция және курстар арасындағы вертикальді интеграция модельдерімен танысты. Нақты танысу мақсатымен «Жасуша метаболизмі» комитеті (1 курс, Жалпы медицина) мысалында интеграция толық қарастырылды. Тыңдаушылар тарапынан болған сұрақтарға дәріскерлер толық жауаптар берді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]