Музейге саяхат

Музейге саяхат

М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы студенттердің тәрбие жұмысына белсене қатысады.

Куратордың міндетіне студенттердің оқу үлгерімін бақылау ғана емес, сонымен бірге адамгершілік және эстетикалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатта 302 «Фармация» тобының кураторы Лауенова С.А.-мен Халықаралық мұражай күні аталып өтілетін 18 мамырға орайластырылған облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

Бұл сиқырлы кеште Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні, Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейлер түні» аясында облыс мұражайлары кешкі сағат 18:00-ден бастап келушілерге есігін айқара ашып, түннің бір уағына дейін қуантты.

Халықаралық музей күні – маңызды мереке және нағыз мәдени құбылыс. Ол әртүрлі елдердің тұрғындарына өз тарихын сүю және білу қажеттілігін еске салып қана қоймайды, сонымен қатар әртүрлі елдер мен халықтар арасында жаһандық ауқымда диалог орнатуға мүмкіндік береді. Тәжірибені сақтау, білім алмасу, әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты дамыту бұл мерекенің басты міндеттері болып табылады.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ежелгі дәуір алтыны» атты арнайы көрмені ұсынды, онда студенттер сақ дәуіріндегі жарқыраған алтын бұйымдарды тамашалады. Музей қызметкерлері халық өнері мен ұлттық ойындарды насихаттауға да көңіл бөлді. Студенттер «Тоғыз құмалақ», «Асық ату», «Бестас», «Көл күресі», «Садақ ату» сияқты ұлттық спорттық жарыстарға, сондай-ақ гір көтеру және басқа да қызықты ойындарға қатысты.

Музейге бару студенттерге жақсы әсер қалдырды. Өйткені, оларды: «бізге мұражайлар не үшін керек?» деген сұрақ мазалады. Олардың сұрағына классиктердің сөзімен жауап беруге болады: «Өткенді білмеген бүгінді де, болашақты да, өзін де білмейді» – француз ойшылы Вольтер. «Өткенін білмеген халықтың болашағы жоқ» – Михаил Ломоносов. «Кешегі жоқ бүгіннің ертеңі жоқ» – ақын Марина Цветаева.

Студенттер осы саяхаттан шынайы ләззат, қуат пен рухани байлық алды.

Топ кураторы Лауенова С.А.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір