“СМУ” КеАҚ-ның Татарстандағы “Медициналық білім: ХХІ ғасырдың ұрпағын таңдау” халықаралық оқу-әдістемелік конференциясына қатысуы

“СМУ” КеАҚ-ның Татарстандағы “Медициналық білім: ХХІ ғасырдың ұрпағын таңдау” халықаралық оқу-әдістемелік конференциясына қатысуы

Қазанда (Татарстан) “Медициналық білім: ХХІ ғасырдың ұрпағын таңдау” атты IX халықаралық оқу-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияның ашылуы Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, “Қазан мемлекеттік медицина университеті” ФГБОУ ректоры профессор Созинов Алексей Станиславовичтің құттықтау сөзінен басталды.

3 күндік конференцияның бірінші күні ” Қазақстанда үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беруді енгізу. Семей Медицина Университетінің тәжірибесі ” тақырыбында “СМУ” КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич сөз сөйледі.

Конференцияның екінші күні де қызу өтті. А.А. Дюсупов делегация құрамында Республикалық клиникалық ауруханада болып, өңіраралық клиникалық-диагностикалық орталық базасында “жоғары технологиялық медицина үшін мамандар даярлаудың жаңа модельдері” атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Конференцияның соңғы күні Халықаралық ғылыми-білім беру консорциумын (Казан ММУ, Солтүстік-Батыс ММУ, Қарағанды медицина университеті, Семей медицина университеті) құру туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Татарстан Республикасының басшысы Рустам Нургалиевич Миннихановпен кездесті.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]