Суретшінің әлемі шексіз

Суретшінің әлемі шексіз

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 13 мамырда 2023 жылы А.А. Козбагаров атындағы перинатология кафедрасының ассистенті Г. М. Егежанова мен “Жалпы медицина” мамандығы бойынша оқитын 4218 топтың студенттері “Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайына ” бардық.
Коллекцияның негізгі бөлігін берушілер Невзоровтар отбасы болғандықтан, мұражайға атауы берілген. Жалпы, Невзоровтар отбасы мұражайға 569 өнер туындысын сыйға тартқан ,соның ішінде 177 кескіндеме. Мұражайда 17-19 ғасырлардағы голланд, ағылшын, француз, орыс шеберлерінің суреттері мен гравюраларымен қатар отандық суретшілердің коллекциялары да бар.
Көрмелерге бару жан-жақты дамуға, ой-өрісін кеңейтуге, рухани дамуға ықпал етеді, бұл әсіресе студент, жастар үшін маңызды. Ең алдымен, бұл стереотиптерден құтылу болып табылады. Көптеген өнер туындыларын тамашалау арқылы заттарға басқа қырынан қарауға болады, сол арқылы көзқарастар мен пікірлер өзгереді.