Біріктірілген пәнаралық олимпиада «Балалардағы жұқпалы аурулар және балалар аурулары»

Біріктірілген пәнаралық олимпиада «Балалардағы жұқпалы аурулар және балалар аурулары»

«Семей медицина университеті» КеАҚ 70 жылдық мерейтойына орай 2023 жылдың 18 мамырында облыстық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығының балалар жұқпалы аурулар бөлімшесі базасында «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Балалардағы жұқпалы аурулары және балалар аурулары» пәнаралық кешенді олимпиада өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар: балалар жұқпалы аурулары кафедрасының мен балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының қызметкерлері. Олимпиадаға төрт командалар қатысты: «Иммунитет» (4102 тобы) «Vita» (группа 4109 тобы), «Fluorochrome» (4101 тобы) и команда «Cranial nerves» (шетелдік студенттердің 434 тобы).

Олимпиада үш тілде өтті және төрт кезеңнен тұрды: сәлемдесу, жағдайды шешу, жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) кию және шешу, капитандар сайысы.

Қазылар алқасының мүшелері: балалар диагностика бөлімінің ординаторы, жоғары санатты балалар инфекционист-дәрігері Шалаганов Ж.Ф.; балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Мансурова А.А., балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Дәлелқанова Т.Д. және балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Муратова Ф.К. және Смагулова А.Е. Олимпиаданы балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Тугелбаева А.М. жүргізді. Олимпиадаға медицина мектебі деканының орынбасарлары Дюсенбаева А.Б. және Кульгимбаева А.Ш. шақырылды.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И.М. және балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Тоқтабаева Б. Ж. құттықтау сөз сөйледі.

Байқаудың бірінші кезеңі – “Сәлемдесу”, онда әр команда өздерінің тапқырлығы мен шығармашылығын көрсетті. Кейсті (ситуациялық есепті) шешкен кезде олимпиадаға қатысушыларға диагноз қойып, лабораторлы зерттеу тағайындау қажет болды. Үшінші практикалық кезең-ЖҚК кию және шешу: топ жетекшілері ЖҚК қолдану жылдамдығын, жүйелілігін және дұрыстығын көрсетті. Капитандар байқауында төрт команданың көшбасшылары кезек-кезек 1 минут ішінде 10 сұраққа дұрыс жауап беруі керек еді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орын “Иммунитет” командасы (4102 тобы), 2 орын – “Vita”командасы (4109 тобы),); 3 орын –”Fluorochrome” (4101 тобы) және “Cranial nerves” командалары (434 шетелдік студенттер тобы).

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, қатысушылардың сертификаттары және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қазылар алқасының мүшелері олимпиада өте жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтті. Медицина мектебі деканының орынбасары Дүйсенбаева А.Б шақырғаны үшін екі кафедра меңгерушілеріне алғысын білдіріп, аталған іс-шараның барлық қатысушыларын құттықтады.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И.М. және балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Тоқтабаева Б.Ж. қорытындылай келе, олимпиада жеңімпаздарын құттықтап, барлық қатысушыларға өздерінің білімдері мен дағдыларын одан әрі жетілдіруде табыс тіледі. Имдат Мусаевич олимпиадаға қатысқан 4 курс студенттеріне болашақта “Педиатрия” мамандығы бойынша интернатураға, одан әрі – “Ересектер, балалар жұқпалы аурулары” және “Педиатрия” мамандықтары бойынша резидентураға түсуге кеңес берді.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]