Хабарландыру!

Хабарландыру!

«Семей медицина университеті» КеАҚ-ға 2023 жылғы 30 мамырдан 1 маусымға дейін төмендегі білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау бойынша гибридті форматта аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптама комиссиясының сапары жоспарлануда:

  1. 7R01156- Клиникалық зертханалық диагностика
  2. 6В10113 – Қоғамдық денсаулық
  3. 7R01146- Урология және андрология ересектер, балалар
  4. 7R01123 – Балалар хирургиясы

Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.

Сыртқы сараптама комиссиясының мүшелері университеттің материалдық-техникалық базасын тексеруді, клиникалық базаларға, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерге баруды жүзеге асырады. Білім алушылармен, жұмыс берушілермен, түлектермен және ЖОО қызметкерлерімен сұхбат жоспарлануда.

Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу барлық деңгейдегі білім алушыларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты алу үшін, сондай-ақ университет қызметін жақсарту жолдарын анықтау үшін қажет.

Рубрикалар: Хабарландырулар