2023 жылғы 17 мамырда “Күміс университеті” жобасы аясында “СМУ” КеАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы (ересектер) кафедрасының қызметкерлері “Семей қаласының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде” тұрғындарымен кездесті. Кафедра ассистенті Зготова Н.С. егде және кәрі жастағы адамдар үшін “Қол артрозы ауыруларын қалпына келтіретін әр тұрлі гимнастикалары атты” тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Қол артрозы-саусақ буындарын бұзатын ауру. Буынның бұзылған орнындарында көптеген түйіндер пайда болып, үнемі ауырсынуды тудырады, саусақтардың қозғалысын қиындататып, ақырында оларды толығымен қолдың қозғалу мүмкіндігінен айырады. Қолдың буындарына тиімді жаттығуларды үнемі жүргізгенде, артрозбен ауыратын адамдардың буындары мен байламдарына оң әсер етеді. Сонымен қатар қолдың артрозына арналған гимнастикалардың әсері, қан жүйесін қамтамасыз етуін тиімді жақсартады және олардың табиғи қызметін сақтауға көмектеседі.
Семинар барысында тыңдаушыларға алдын алу ретінде немесе қол артрозы болған жағдайдайларда, өздеріне қолданылатын қарапайым гимнастика. Егде және кәрі жастағы адамдар жаттығуларды жасап үйреніп, қолдану мүмкіндігіне үйретілді. Семинар-практикум өте қызықты және нәтижелі өтті. Тыңдаушылар ризашылықтарын білдіріп, өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]