Өндірістік практика «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы»

Өндірістік практика «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы»

Алматы қаласындағы «VIVA Pharm» фармацевтикалық компаниясы мен «СМУ» КеАҚ арасындағы келісім-шарт бойынша 10.05.23-21.05.23 аралығында «Фармация» мамандығының 4 курс студенттері осы компания базасында «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік тәжірибеден өтті.

Бұл тәжірибенің мақсаты «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы» пәнін оқу барысында алған теориялық білімдерін бекіту.

«VIVA Pharm» ЖШС өз өнімдерін бөлшек сауда желісіне жеткізетін және стационарлық және амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін серпінді дамып келе жатқан өндірістік компания болып табылады. 2010 жылдан бастап VIVA PHARM дәрілік заттарды толық циклді өз өндіріс орнында шығарады. Бүгінгі таңда дәрі-дәрмек шығаратын өндіріс орны жылына 200 миллион таблетка мен капсулаға дейін қуаттылыққа ие. 2023 жылға шығарылатын дәрілік заттардың көлемі 50 атаудан асады.

Компанияда аккредиттелген физика-химиялық және микробиологиялық зертханалар, дәріхана қоймалары бар.

Оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес, өндірістік тәжірибе барысында студенттер қатты дәрілік формаларды (таблеткалар, капсулалар) жасау дағдыларын меңгерді.

Студенттердің кері байланысының нәтижесі студенттердің өндірістік тәжірибені ұйымдастыру деңгейіне өте риза екенін көрсетті. Бұл тәжірибе тағы да білім беру – білім мен дағдыларды үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімдеудің үздіксіз процесі, мұнда теориялық кәсіби білімді анағұрлым озық деңгейде жаңғырту қажет екенін көрсетеді.

Тәжірибе жетекшісі Абленова А.Т.

Рубрикалар: Категориясыз