17 мамыр күні жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ЖОО-ның барлық студенттерін жанұялық құндылықтар, гендерлік әділеттілік және теңдік мәселесі бойынша жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ №3 студенттер үйінде Семей қаласының Полиция басқармасының аға инспекторы Касенова Жанна Сайрановна мен білім алушылар арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері» және «Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыптары бойынша белең алған құқықтық мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалды.
Отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды. Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігі, сондай-ақ, студенттердің жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы